KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Зайсанда еріген қар суын бұру жұмыстары жүріп жатыр

pixabay.com

11.02.2024, 15:00 143 Назерке Каримова

Зайсан қаласында сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнгі уақытта жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді.

Еріген қар суын бұру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп  хабарлайды Altainews.kz сайты.

Таулардан аққан су Жақсалықов, Молдыбаев, Ноғайбай көшелерімен өтеді. Алдын алу жұмыстары уақтылы жүргшізілгендіктен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Бұнда жергілікті атқарушы органнан 10 адам, техника тиегіш, самосвал; полициядан 10 адам, 3 бірлік техника; ТЖД 10 адам, 1 КУНГ, қапшықтарды төсеуге арналған 1 УАЗ; шекара басқармасынан 10 адам жұмыс жүргізуде.

- Ауа райының күрт жылынып, қар еруіне байланысты қала тұрғындарын есік алдындағы су ағатын арықтарын тазалауға шақырамыз, - деп ескертті аудан әкімдігі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив