ШҚО-дағы кей аудандарда қарғын су жер үйлерге қауіп төндірді
Ауа райы күрт жылып, қар еріп жер үйлерге қауіп төндірді.
ШҚО ТЖД мамандары су басу қаупі төнген елді мекендерде мамандар жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Мәселен, Зайсан қаласы, сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнде жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді. Нәтижесінде Жақсылық пен Ноғамбай көшелерінен су ағып жатыр. Бұнда жергілікті атқарушы органнан 10 адам, техника тиегіш, самосвал; полициядан 10 адам, 3 бірлік техника; ТЖД 10 адам, 1 КУНГ, қапшықтарды төсеуге арналған 1 УАЗ; шекара басқармасынан 10 адам жұмыс жүргізуде.
Қарғын су Көкбастау ауылының Абай көшесінің 3 ауласына да қауіп төндірдін. Алдын алу жұмыстары жүргізіліп, қауіптің алдын алды.