KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қытай компаниясына 262 млн теңге айыппұл салынды

15.02.2024, 11:46 142 Оразай Жеңісұлы

Облыстық экология департаменті «Синьсин құрылыс және дамыту Қытай Компаниясы» ЖШС-нің Қазақстандағы филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Шетелдік компания экологиялық талаптар мен заңнамаларды бұзғаны үшін 262 555 528 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бірқатар құқық бұзушылықтар анықталған. Нақтырақ айтқанда, қалдықтарды сақтау, қалдықтарды араластыру, қалдықтарды есепке алу журналының болмауы және жер төсемінің мұнай өнімдерімен ластану фактісі болған. Сондай-ақ компанияның ДСУ (№8 учаске) мен асфальт-бетон зауытында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты жоқ болып шыққан.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жалпы сомасы 3 967 500 теңгеге айыппұл салынған.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚ туралы кодексінің 328-бабы бойынша есептік әдіспен орындалатын эмиссиялардың көлемі асып кеткені үшін төлемақы көлемінің мың проценті мөлшерінде айыппұл салынған. Осылайша жылпы айыппұл сомасы ҚР ӘҚ туралы кодексінің 328-бабына сәйкес құқық бұзушылық үшін 258 588 028 теңгені құраған. Компания жалпы сомасы 262 555 528 теңге көлемінде айыппұл төледі. Кәсіпорын анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы берілген ұйғарымды толығымен орындаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу