KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Ауған соғысының ардагерлері марапатталды – Өскемен

15.02.2024, 12:30 153 Қызырбек Дүргінбайұлы

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті ардагерлерге құрмет көрсетіп, іс-шара өткізді. Ардагерлер кеңесінің қатысуымен облыс орталығында  орналсқан интернационалды  жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтары қойылды.

Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған шара аясында екі бірдей Ауған соғысының ардагері марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Департамент бастығы  Ерғали  Бахаев  «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» медалімен Шығыс  Қазақстан  облыстық  Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы ҚБ атынан  Амангелді  Құрымбаевты  және  ШҚО ТЖД  жедел-құтқару жасағының қызметкері Тимур Чанышевты марапаттады.

– Бұл  іс-шаралар ШҚО ТЖД-да өткен тарихты сақтау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Біздің қатарымызда жас жауынгерлер үшін нағыз үлгі болып табылатын  осындай қызметкерлер, зейнеткерлер бар болғандығын мақтан тұтамыз, – деді департамент басшысы Ерғали Бақаев.

Сондай-ақ, шара барысында Амангелді   Құрымбаев өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен  бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін білу керектігін тілге тиек етті. Амангелді   Құрымбаев зейнет жасына дейін Өскемен қаласының № 7 өрт сөндіру бөлімінде қызмет істеген. Ал құтқарушы Тимур Чанышев төтенше жағдайлар жүйесіндегі азаматтардың  қауіпсіздігі  үшін  1996 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол Гардез қаласында 2 жыл қатардағы жауынгер ретінде жеке шабуыл десанттық бригадасында қызмет еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу