KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, В
479.08 533.5 5.26

«Ғабдуллин оқулары-2024» байқауы өтті - ШҚО

16.02.2024, 19:50 262 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазақ руханиятына елеулі үлес қосқан белгілі ақын Серік Ғабдуллинның есімі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Қаламгер Өскеменде «Шабыт» ақындар мектебінің негізін қалап, ұстаздық жолда ұмытылмас із қалдырған тұлға.

 Бүгінді ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар өтіп келеді. Соның бірі дәстүрге айналып келе жатқан «Ғабдуллин оқулары» байқауы. Биылғы «Ғабдуллин оқулары – 2024» байқауына 100-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен байқауға әр санат бойынша мектеп оқушылары, студенттер және көркем сөзге қызығушылық танытқан ересектер қатысты.

 – Биылғы «Ғабдуллин оқуы – 2024» байқауына 100-ге жуық өтініш келіп түсті. Ауарайының қолайсыздығына байланысты кейбір үміткерлер онлайн бақ сынады. Жеңімпаздарды қазақ руханиятының өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы бағалады. Алдағы уақытта бұл байқауды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Биылғы байқауға Серік Ғабдуллин ағамыз негізін қалаған «Шабыт» ақындар мектебінің шәкірттері және туысқандары қолдау көрсетті, – дейді шара ұйымдастырушысы Гүлбаршын Тілегенқызы.

Байқау жеңімпаздары марапат, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Серік Ғабдуллин ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, бірнеше жыр жинақтың авторы. Өскемендегі «Шабыт» ақындар мектебінің негізін қалаушы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив