Бүгін Көкпектіде "Абай оқулары" байқауы өтті
Бүгін Көкпекті ауданының Самар ауылында Ұлы Абайдың ескеркішінің ашылу салтанаты өтті. Мереке жалғасы көркем сөз оқу шеберлерінің арасындағы облыстық "Абай оқулары" конкурсына ұласты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық байқау Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат жəне облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының тікелей ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға қала, аудандардан келген 25 үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан жеңімпаздар жүлделі орындарды иеленді.
Бас жүлдені Тарбағатай ауданының, 2-орынды Зайсан ауданының, 3-орынды Көкпекті ауданының жастары иеленді.
Бас жүлде алған Олжас Серікбекұлының өнерін қазылар алқасы ерекше атап өтті.
Əділ қазылар алқасының құрамында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілі, Абай танушы ғалымдар жəне тіл мамандары болған еді.