KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қазақстанда коммуналдық қызметтер қымбаттады – Еуразиялық комиссия

сурет: realty.rbc.ru

4.03.2024, 09:17 112 Оразай Жеңісұлы

Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіп өнімдері мен коммуналдық тарифтердің есебін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты. 

Биыл қаңтарда былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнім өндірушілерінің бағалар индексі — 117,7%.

2023 жылғы желтоқсанға қарағанда өнеркәсіп орындарындағы баға 1,3%-ке төмендеді. Соның ішінде кен өндіру мен карьер қазу саласында бағалар 5,1%-ке, ал өңдеу өнеркәсібінде 0,1%-ке түсті.

Ал электр энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен кондициялау қызметтері 0,5%-ке өсті.

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Мәселен, энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен жылу 4%-ке көтерілсе, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері 1,6%-ке қымбаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив