KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Қазақстанда тары 7%, күріш 3%-ға қымбаттады

30.07.2019, 08:56 330

Қазақстанда маусымдық көкөністер арзандап, есесіне жармалардың бағасы өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Energyprom сарапшыларының сөзіне сенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді қоса алғанда жармалар айтарлықтай қымбаттады: тары 6,6%-ға, күріш бағасы 3,1% -ға өсті; сұлы жармасының бағасы 1,4% - ға, арпа және ұнтақ жармасының бағасы тиісінше 1,2% және 1,1%-ға өсті. Ал қарақұмық жармасының бағасы керісінше, бір айда 0,6%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, сұрыпты бидай ұны айына 1,6% -ға, бірінші сұрыпты бидай ұны 0,2%-ға қымбаттады. Макарон өнімдері, нан бағасы да 1% -ға өсті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу