KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Тарбағатайда мыс-молибден комбинаты ашылса, бірнеше ауданның жағдайы жақсарады

сурет көрнекілік үшін алынды: elements.envato.com

5.03.2024, 21:08 154

Тарбағатай ауданындағы «Қызыл қайың» учаскесінде мыс кенін барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстандық «EAS Copper» ЖШС өкілдерімен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қызылқайын мыс-молибден кен орыны 1970-72 жылдары Кеңес одағы кезінде барланған. Кен орны  Тұғыл ауылынан оңтүстікке қарай 20 шақырым қашықтықта Маңырақ тауы сілемінде орналасқан.

2021 жылдан бері кен орнына барлау жасап жатқан Шымкент қаласындағы «Еast Cooper» отандық компаниясы комбинатты Канада елімен бірлесіп салмақ.

Канада жағы кен-байыту комбинатының құрылысын, қуаттылығын және экологиялық қауіпсіздігін жаңа технологиялар негізінде жобалайды.

Қызылқайын кен орны Қазақстанның индустриалды- инновациялық даму жоспарына еңгізілген. Жобаның құны -216 млрд.тг. Қаржының бір бөлігі  500 шақырымдық қашықтан 230 МВТ электр энергиясын  жеткізуге жұмсалмақ .

Комбинат іске қосылғанда 4500-ден астам жұмыс орны ашылып, шекаралық Тарбағатай, Зайсан және көршілес аудандарға халықтың қоныстануы артып, аталған аудандардың өнеркәсіпті, сауда-логистикасы дамыған аудандар болуына мүмкіндік туады деп болжанып отыр .

 Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив