KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 0,7 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

31.07.2022, 15:03 130

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген.

Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті. Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив