Ұлан ауданында екі үйдің ауласын су басқан
Ұлан ауданына қарасты Герасимовка ауылында екі бірдей жер үйдің ауласын су басқан. Бұған күннің күрт жылынып, қардың лезде еруі себеп болған.
Жергілікті атқарушы орган мен төтенше қызмет өкілдері жағдайды дер кезінде бағамдап, қауіптің алдын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аула аумақтарына инертті материалдары бар қапшықтар төселді, су сору жұмыстары жүргізілген. Аталған жұмыстарға 30-ға жуық адам мен 2 мотопомпа жұмылдырылған.
- Тұрғындардан өз үйлерінің іргесіндегі үйілген қарды шығарып, жақын маңдағы арықтар мен су арналарын таза ұстауды, олардың бітеліп қалмауын қадағалауды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында қолда бар инерттік материалдарды (қаптар, топырақ, құм,) дайындап қойған жөн, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз