Күршімде ауласын су басқан үйдің тұрғынына көмек көрсетілді
видеодан алынған кадр
Күршім ауданында ауласын су басқан үйдің тұрғынына жедел көмек көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бурабай ауылының Ұлан көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласын су басқан. Бұған күннің күрт жылынып, қардың лезде еруі себеп болып отыр. Жер үйде жалғызбасты кейуана тұратыны белгілі болды.
Жағдайды дер кезінде бағамдаған жергілікті атқарушы орган мен төтенше қызмет өкілдері қауіптің алдын алды. Мамандар арнайы техника арқылы су арнасы бұрды. Дәл қазір сол маңдағы тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Біз бұған дейін тұрғын үй ауласына су жайылғаны жайында хабарладық. Оқиға орнына аудан әкімі барған болатын.