Шығыс түлегі Париж Олимпиадасына жолдама алды
Шығыс өңірінің түлегі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде топ жарды. Жерлесіміз шешуші айқас – жартылай финалда Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.
Батырхан бұған дейін Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтқан. Бұл Ұлттық құраманың таеквондодан алғашқы жолдамасы екенін айта кеткен жөн.
Суреттер: ШҚО спорт басқармасы
Оқи отырыңыз