Наурызнаманың соңғы күні – Тазару
Оныншы күн, 23 наурыз, ұлттық экологиялық науқанға арналған.
«Тазару» күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың (демек, адамдардың да) жаңа өмір бастауы осының нышаны. Бұл кезең символдық мағыналарға толы, оның басты үрдісі – тазару арқылы жаңару.
Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Бақыт пен береке тазалық пен шынайылық орнаған жерге қонады. Ұлттық мерекеге экологиялық науқандарды енгізу – Мемлекет басшысы көтерген проблемалар (су ресурстарының тапшылығы және т.б.) аясында қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын айшықтау.
Мұндай ауқымды экологиялық бастамалар Наурызнама онкүндігін қорытындылау ғана емес, сонымен қатар таза қоршаған ортада жаңа жылды жақсылықпен қарсы алуға негіз болады.