KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 1 м/с, С
459.75 494.14 5.54

Семсерлесуден Қазақстанға Париж Олимпиадасына 4 лицензия бұйырды

ҚР Спорт комитеті

24.03.2024, 20:00 61 Назерке Каримова

Грузияның астанасы Тбилиси қаласында семсерлесуден әлем кубогі өтіп жатыр.

Жарыстың шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жолдамаға ие болған спортшылар: Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов.

- Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады, - деп хабарлады ҚР Спорт комитеті. - Бұған 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшылары Чехиядан жеңілуі себеп болды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив