KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, З
512.16 594.72 6.57

ШҚО-да күн райына байланысты ескерту жарияланды

фото: triptonkosti.ru

1.04.2024, 17:07 293 Ынтымақ Толқын

Шығыс өңірінде ертең күн райы қолайсыз болады. Қазгидрометтің өңірлік филиалының ақпаратына сүйенсек, жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Болжам бойынша 2 сәуірде түстен кейін облыстың солтүстігінде жауын жауып, жел екпіні 15-18 м\с болмақ. Сондай-ақ өңірдің шығысында тұман күтілуде.

Ауа райына байланысты ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына мынадай кеңес береді:

- екпінді жел кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;

- арықтар мен бұлақтардың арналарын  тазалаңыз;

- үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындаңыз.

Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу