Шығыста күн райы бұзылды

сурет: delfi.lt
Қазгидрометтің өңірлік филиалының ақпаратына сүйенсек, бүгін облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Өңірдің солтүстігі мен шығысындағы аудандарда жел екпіні 17-22 м/с болады.
Мамандардың айтуынша, облыс орталығында да жел күшейеді.
ШҚО ТЖД еске салады:
- елді мекендерден шықпаңыз
- жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
- жаяу жүргінші болсаңыз, құлап қалудан сақтаныңыз, асықпаңыз
- жел екпінді кезде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз
- автобус аялдамалары мен ағаштардың тасасына тығылмаңыз
- төтенше жағдай бола қалса, " 101 "немесе" 112"-ге қоңырау шалыңыз.