KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр

3.04.2024, 16:03 169 Ләззат Қанатқызы

Халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл бар. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр.

Бұл игілікті істен Шығыс Қазақстанда тыс қалған жоқ. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық волонтерлер фронт-офисі гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Гуманитарлық көмек күнделікті сағат таңғы 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін
ШҚО, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 48 және Н. Назарбаев даңғылы 68 мекенжайларында қабылданады.

Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:
- азық-түлік (ұзақ мерзімді сақтауға болатын);
- ауыз су;
- дәрілік заттар мен медициналық қажетті заттар (ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, қызуды түсіретін, аллергияға қарсы препараттар, таңғыштар, этил спирті);
- киім (резеңке етік, жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
- тағыда басқа қажеттіліктер (көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, жастықтар және басқалар);
- Гигиена құралдары.

- Гуманитарлық көмек ретінде өткізілетін барлық заттардың жаңа, тұтас қаптамада, затбелгілері бар, тауарлар тобы бойынша іріктеліп аталған қораптарда жиналған болуы тиіс. Өткізілетін азық-түлік мерзімі ұзақ сақтауға жарамды және жарамдылық мерзімі өтпеген тауар болуы міндетті, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу