KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Австриялық компания Катонқарағайда экотуризмді дамытпақ

4.04.2024, 09:31 156 Қызырбек Дүргінбайұлы

Біраз жылдан бері Төр Алтайды туризмнің төріне айналдыруды еліміз мақсат етіп келеді. Алайда туризмді дамыта отырып Катонқарағай ұлттық паркінің табиғатын сақтап қалудың да жолын қарастырудың маңызы зор.

Жуықта Австриялық PKF Hospitality компаниясы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркіне келді. Ұлттық парктегі экологиялық туризм жайлы презентацияны ұсынып, оның даму концепциясы қарастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қордың тапсырмасы бойынша олар өңіріміздегі туризм дамуының мастер планын жасап шығарады. ITB Berlin алаңында Kazakh Tourism басшысымен бірге PKF Hospitality компаниясымен кездесу өткізген болатынбыз. PKF Hospitality туристтік консалтинг бойынша әлемнің ең ірі 5 компаниялар қатарына кіреді. Әлем бойынша 21 елде филиалдары бар. Тәжірибелері өте мол: Канада, Исландия, Венгрия, Абу Даби, Оман, Грузия сияқты 27 елде туризм мастер пландарын даярлаған, – деп жазды Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Катонқарағайға Вена мен Дубайдан 3 эксперт келген. Олар 10 сәуірге дейін ауданда кездесулер өткізіп, анализ жасамақ.

– Туризм саласының жүйесіз дамуы Катонқарағайдың сәнін кетіруі мүмкін. Сол себепті әлемдік стандарттарға сай, Катонқарағайдың туризм саласының дамуын анықтайтын тиянақты стратегиялық документ күтудеміз, – деп жазды Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу