Шығыстағы университеттердің бірі су басқан өңірге көмек жөнелтті
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалған, ал мал шығыны 8 мыңға жуықтайды. Оған қоса 64 елде мекенде көлік қозғалысы тоқтаған.
ЖОО қызметкерлері мен студенттері зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, су тазартуға арналған сүзгілер, жеке гигиеналық құралдар, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмектер пен жылы көрпе-жастық, тұрмыстық керек-жарақтар жинақтаған.
«Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу – әрбір азаматтың борышы», - дейді студенттер.
Оқи отырыңыз