KZ
Өскемен
-18°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

«Жұлдыз» өнер мектебіне жеке ғимарат беріледі – Өскемен

8.04.2024, 11:18 176 Ынтымақ Толқын

Өскеменде балаларды өнерге баулып, тәжірибесін шыңдап жүрген «Жұлдыз» деген өнер мектебі бар. Өкініштісі сол, осы уақытқа дейін оның жеке ғимараты болмаған. 
Әр мектептің бір бұрышынан ашылған үйірмелер арқылы оқушыларға ән мен би үйретіп, түрлі аспаптарда ойнауға баулып келген. Қазір өнер мектебінде шамамен жеті мыңнан астам бала әр түрлі бағыт бойынша қосымша білім алып жатыр. Жас таланттарды тарыдай шашпай бастарын бір жерге біріктіру үшін жаңа оқу жылында өнер мектебіне жеке ғимарат берілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

-    Біздің көңілімізді алаңдатып жүрген мәселенің бірі осы - «Жұлдыз» өнер мектебінің жеке ғимаратының жоқтығы. Үйірмелері қаладағы 33 мектепте шашырап орналасқан. Бұл оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де тиімсіз. Сондықтан бұрынғы мемлекеттік органдар отырған ғимаратты босатып, жобасын жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Күзге дейін барлық жұмысты аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Шаһар басшысының айтуынша, өзге мектептердегі үйірмелер жұмысын жалғастыра бермек. Тек 20 жылдық тарихы бар өнер ордасының жеке ғимараты болады. Мұнда оқушылар әр түрі аспаптарда ойнап, вокал, сурет салу сынды өз таңдауларына байланысты әр бағыт бойынша білімін жетілдірмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу