KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

шартты сурет: gov.kz

9.04.2024, 12:37 121

Монополияға қарсы органға ақпаратты белгіленген мерзімде бермегені үшін әкімшілік айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 20 наурызда «ШҚО Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысын белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Аталған факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 162-бабы бойынша бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды, айыппұл сомасы – 184 600 теңге. 

Қазіргі уақытта бөлім басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу