KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Салт-дәстүріміз ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін

сурет редакция архивінен

17.04.2024, 10:14 117

Беташар және салбурын салт-дәстүрін ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір бұл мәселе ЮНЕСКО-ның бағалау комитетінің қарауында, ал 2024-2025 жылдарға арналған материалдық емес мәдени мұра конвенциясының үкіметаралық комитетінің құрамына енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарына берген жауабынан белгілі болды.

Қазақстан 2011 жылы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» халықаралық конвенцияны ратификациялағаннан кейін 2013 жылы Материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімі бекітілген. Оған беташар, айтыс, батырлар жыры және тағы басқа 45 элемент енгізілсе, 2023 жылы тізім тағы 88 ұлттық элементпен толықтырылған.

Ал ЮНЕСКО-ның Мәдени мұраның репрезентативті тізіміне материалдық емес мәдени мұраның 13 элементі енгізілген.

«Қазақ мәдениетіне қатысты 2 элемент – салбурын мен беташар ЮНЕСКО-ның бағалау комитетінің қарастырылуында және 2024-2025 жылдарға арналған материалдық емес мәдени мұра конвенциясының үкіметаралық комитетінің құрамына енгізіледі. Сонымен қатар 2024-2025 жылдары үйлестірушісі Өзбекстан Республикасы болып табылатын сюзанна-кестелеу өнері бойынша көпұлтты номинацияны енгізу жоспарлануда», – делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Премьер-Министрдің орынбасары депутаттардың «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысына Қазақстанда материалдық емес мәдени мұраны сақтау және жаңғырту шаралары қолданыстағы заңнамамен реттелетінін және жеке заң қабылдауды қажет етпейтінін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу