KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Қазақстан мен Таиланд тұрақты визасыз келісімге қол қойды

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі

23.04.2024, 23:34 113 Айжанат Бақытқызы

Бангкокта ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары барысында Қазақстан мен Таиланд арасындағы визасыз режим туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Таиланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Парнпри Бахиддха-Нукараның шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары өтті.

«Елдеріміз арасында сындарлы диалог орнатылды, көптеген мәселелер бойынша мемлекеттеріміздің ұстанымдары сәйкес келеді. Қазақстан – Орталық Азиядағы басты серіктесіміз», – деп атап өтті тай министрі.

Туризм саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді, елдер арасында тікелей әуе рейстерінің саны өсуде. Мәселен, 2023 жылы Таиландқа 172 мың қазақстандық турист барды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

Сапар қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасында ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін бір-бірінің аумағында визасыз бола алады. Келісім тараптар мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив