KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Қытай мен Қазақстан азаматтарға 30 күндік визасыз режим ұсынбақшы

13.04.2023, 12:21 407 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан азаматтарының Қытай аумағында, Қытай азаматтарының Қазақстан аумағында 30 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруіне мүмкіндік беруді көздейтін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қаулы мәтініндегі мәліметке сүйенсек, бұл келісімге 18-19 мамырда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына Мемлекеттік сапары барысында қол қойылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш келісімнің 1-бабында 30 күндік визасыз режим қандай мақсатпен қатынайтын азаматтарға берілетіні айтылған.

  "Уағдаласушы Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген жарамды жол жүру құжаттарының иелері жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатымен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын бір мәрте немесе көп мәрте келу, кету, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады", деп жазылған келісім мәтінінде.

Яғни, сапарлаушы азаматтар 30 күндік визасыз режим аясында екінші елге 180 күннің ішінде 90 күннен артық бола алмайды.

Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу