KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Қазақстан және Нидерланд СІМ басшылары қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылады

4.04.2024, 22:00 87 Айжанат Бақытқызы

Нидерланд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. 

Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив