KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Енді Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарына визасыз барады

Фото: egemen.kz

23.09.2023, 14:39 944

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.

— Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді, - деп жазылған ақпаратта.

Аталған Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу