KZ
Өскемен
-5°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

pexels.com

28.04.2024, 11:00 380 Назерке Каримова

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деген болжам бар. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен жел күшейеді деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу