KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Өскеменде әскери сайыстың үздіктері анықталды

фото: egemen.kz

29.04.2024, 15:19 64 Жанаргүл Мұқатай

Өскеменде Кеңестер Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир өтті.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді күшейту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Өскемендегі Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалында Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнир өткізілді.

Жарысқа облыстық оқу орындары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, бастапқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан колледждердің 1-2 курс студенттерінен 9 команда қатысты.

 Әскери - қолданбалы көпсайысқа қатысушылар саптық байқау, АК-74 автоматын шашу және жинау, газтұмылдырықты кию бойынша нормативті орындау, ЖҚК кию бойынша нормативті орындау, турникте тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, АК автоматы магазинін патрондармен оқтау сияқты жаттығуларды орындады.

Жалпы командалық есепте ерекше ептілік көрсеткен Риддер қаласының «Сұңқар» командасы, Глубокое ауданының «Жас Сарбаз» командасы, Ұлан ауданының «Айбын» командасы жүлделі орындарға ие болды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив