KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Қай өңірдің мал дәрігерлері мықты?

фото: egemen.kz

30.04.2024, 14:03 81 Жанаргүл Мұқатай

«Мамандығым – мал дәрігері» дейтін жастар тым сиреп кетті. Жалақысы азайып, мәртебесі түсіп кеткен мал дәрігері маманына деген сұраныс барған сайын артып отыр. Мал шаруашылығындағыларға білікті мал дәрігері аса қажет. «Ветеринария» мамандығы бойынша студенттер арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында  облыстық кәсіптік білім беру орталығы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжімен бірлесіп, «VetPro» аймақаралық кәсіби шеберлік конкурсын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілішісі.

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесінің ауылшаруашылық бағытындағы оқу орындары студенттері арасында өткен «VetPro» аймақаралық кәсіби шеберлік конкурсына облыстың 6 колледжінен 6 студент қатысты.

Конкурста студенттер  Wordwall бағдарламасы бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындап, ірі қара және ұсақ қара малдың күре тамырынан қан алу техникасын көрсету, жануарлардың ағзасына дәрілік заттарды енгізу тәрізді әдістерді көрсетті.

Сайыста білім деңгейінің жоғары екендігін көрсеткен  Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті  Пиунов Вадим 1-орынды иеленді.

Қазылар алқасы 2 орынға  Зайсан технология колледжінің студенті Ерасыл Бауыржанұлын лайық деп тапты.

3 орынды Павлодар облысы «Ертіс» жоғары аграрлы инновациялық колледжінің студенті Меруерт Жаныс, Абай облысы Шәкәрім жоғары колледжінің студенті Нұргелді Қуаныш иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив