KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңғыртылуда

29.11.2019, 03:34 179

Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға айрықша көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген зерттеулер көрсеткендей, ең сұранысқа ие 100 мамандықтың ішіне техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енді. Оның ішінде автоматтандырылған өндіріске қажетті IT-мамандар, 3D модельдеу инженерлері, «ақылды қала» құрылысы инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер бар.

Қарқынды өзгеріп келе жатқан еңбек нарығы халықаралық деңгейдегі цифрлық дағдылары мен құзыреттілігі бар, жаңа технологияларға бейім мамандар даярлауды қажет етеді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін түбегейлі жаңғырту қажет.

Облыста бұл бағытта нақты қадамдар жасалып жатыр. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін кезең-кезеңмен жаңғыртудың арнайы бағдарламасы жасалды. Биыл облыстағы 14 колледжде жаңа үлгідегі 32 кабинет жабдықталды. Өңірдегі ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнату барысында білім беру жүйесін өзгертуге негіз қаланады. Семей қаласындағы Электротехникалық колледж бен Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында IT бағыттар бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 398 млн. теңге бөлінді. Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде «KazMinerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп құзыреттілік орталығы ашылды. Аталған компания құрал-жабдықтар сатып алуға 300 млн. теңге бөлді.

 «Жас маман» республикалық жобасы аясында 2021 жылға дейін облыста өнеркәсіп, сервис, құрылыс, көлік және тағы да басқа салалар бойынша сегіз құзыреттілік орталығын ашу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мекемелерін жабдықтауға 7 млрд. теңге қаражат құю жоспарлануда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2022 жылға қарай арнаулы орта білім сапасын 24 пайызға, колледж түлектерінің жұмысқа орналасу үлесін 16 пайызға арттыру.

Облыстағы колледж студенттерінің жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіби шеберлікті дамытатын WorldSkills халықаралық қозғалысындағы жетістіктерін ерекше атап өткен жөн.

Соңғы екі жылда облыс командасы республикалық чемпионаттарда көш бастап тұр. Соңғы өткен «WorldSkills Kazan 2019» 45-ші әлемдік чемпионатында Қазақстан құрамасының негізі Шығыс өңірі колледждерінің студенттерінен құралды. Ел тарихында алғашқы болып шығысқазақстандық студенттер осы айтулы сайыста «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреттілігі бойынша 3-орын медалімен және «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша «Medallion for Excellence», «Best of national» үздік медальдарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу