Мамырда ауа райы қандай болады?
фото: vesti.kz
Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Жаңбыр жиілеп, кей-кейде нөсерге айналады. Бұршақ жаууы да ықтимал. Найзағай ойнап, жел үдейді мамандардың айтуынша.
Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аймақтарында түнде жауған жаңбыр қарға ұласауы мүмкін.
Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтіледі:
елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;
елдің оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.
елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуымен ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:
республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;
оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.
Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтіледі.
Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтіліп отыр.
Мамыр айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжанған.