KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Шілдеде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Сурет: vsegda-pomnim.com

1.07.2023, 11:55 365 Оразай Жеңісұлы
Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК мамандары шілде айында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массалары жылжып келіп, ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының алмасуына байланысты ауа температурасында ауытқу болады:

  • елдің солтүстік-батысында түнде: +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз: +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;
  • елдің солтүстігінде, орталығында түнде: +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз: +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;
  • шығыста түнде: +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз: +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде: +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз: +25+33°С - тан +33+38°С-қа дейін, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде: +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз: +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін;
  • оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін.

"Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты орын алады: жаңбыр жауады, жекелеген күндері қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, айдың басында елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде соққан қатты желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді, ал осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжанады".

Екінші онкүндіктің басында республикамыздың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі.

Сондай-ақ ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде: +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз: +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде: +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз: +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін.


"Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы ҚР солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында нормадан 1°жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында нормадан сәл көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында нормадан аз болады деп күтіледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив