KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО бас аллергологы демікпесі бар науқастарға кеңес берді

2.05.2024, 16:01 123 Айна Ескенқызы

Дүниежүзілік демікпемен күресу күні немесе Халықаралық демікпе күні – жыл сайын 1 мамырда өтетін дәстүрлі іс-шара.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының бас штаттан тыс аллергологы Мадина Маликова  №2 қалалық емханада бронх демікпесі бар науқастарға арналған сабақ жүргізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты науқасты бронх демікпесімен өмір сүруге үйрету, демікпенің даму себептері мен механизмімен таныстыру, оның ағымын бақылау дағдыларын (өзін-өзі бақылау күнделігі, пикфлуометрия) түсіну, ингаляциялық препараттарды қолдану техникасын түсіндіру болды.

– Дүниежүзілік демікпемен күрес күнінің міндеті – бұл ауру туралы ақпарат тарату және демікпемен ауыратын науқастарға тиісті емге қол жеткізуді қамтамасыз ету; бронх демікпесі туралы адамдардың білімін арттыру, аурудың алдын алу және ерте диагностикасы туралы хабардар ету; медициналық көмектің сапасын арттыру, – деп атап өтті облыстың бас аллергологы Мадина Маликова.

Осылайша, демікпе мектептерін өткізу бронх демікпесі туралы кең түсінік беріп қана қоймайды, осы патологияның медициналық аспектілеріне әсер етеді, сонымен қатар психоэмоционалды жағдайды жақсартуға және пациенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив