Өскемендегі этноауылда түсірілген видео көпшіліктің көзайымы болды (видео)
Tik-Tok әлеуметтік желісінде қатар орналасқан армян және әзірбайжан халқының үйлері туралы бейнеролик жарияланды. Қысқа ғана бейнежазба желідегі көпшіліктің көзайымына айналды деуге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл үйлер Өскемендегі этноауылда орналасқанын айта кетейік.
«Көріп тұрғандарыңыздай, 20-шы ғасырда салынған армян хақының үйінің қасында әзірбайжан халқының үйі тұр. Мұндайды Өскеменде ғана көруге болады», - деді бейнежазба авторы.
Өскемен қаласының Солжағалау кешенінде орналасқан этноауылда Шығыста тұратын ұлт өкілдерінің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 12 қонысы және жеке тұрған алты нысан орналасқан.
Оқи отырыңыз