KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Антикор азық-түлік бағасын бақылауға алды

pexels.com

5.05.2024, 22:00 88 Назерке Каримова

Баға мәселесі әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті.

Антикордың бақылауымен Өзбекстан мен Тәжікстаннан тауарды тікелей, делдалдарсыз және алып сатушыларсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізілетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесетін болады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. - Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив