Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі?
Өскеменде Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі?
Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша, 9 мамыр мерекесіне орай азаматтардың жекелеген санаттарына төлем жүргізілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл төлемдер Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 шілдедегі №58/5-VI шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Атап айтқанда:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына – 1,5 млн теңге (10 адам);
- ерікті жалдамалы құрамдағы адамдарға – 100 мың теңге (1 адам);
- Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға – 100 мың теңге (5 адам);
- концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңге (9 адам);
- Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауыруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайына (зайыбына) – 100 мың теңге (130 адам);
- тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңге (60 адам);
- марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне – 50000 теңге (2875 адам).
Төлемдердің жалпы сомасы 180 млн теңгені құрайды.