KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Алаяқтар енді дәрігер болып хабарласатын болған

pixabay.com

26.05.2024, 22:00 69 Назерке Каримова

Полиция халыққа алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады.

Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалады немесе хабарлама жазатын болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды, - деп ескертеді ҚР ІІМ. - Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз. Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады.


Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар.

Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтып, ескерте жүру қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив