KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

ШҚО: алаяқтар ХҚКО-дан қоңырау шалатын болды

16.01.2023, 17:11 350 Оразай Жеңісұлы

Алаяқтар тағы бір айлаға көшті. Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы қоңырау шалса, сақ болыңыз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы осы жағдайға қатысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алаяқтар ХҚКО маманы болып тұрғындарға қоңырау шалады. Әлдебір несиеге байланысты шоты бұғатталғанын айтып, жеке деректерін сұрап алатын көрінеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің қызметкерлері ешқашан тұрғындарға қоңырау шалмайды, борышкерлердің мәліметтер базасына қол сұға алмайды, коллекторлық компаниялардың жұмысына араласпайды. Кез келген байланыс тек 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы жүзеге асады», - деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив