Өскеменде «Әнші қала» фестиваль-байқауы өтті (видео)
Облыс орталығында Балаларды қорғау күніне орай ерекше іс-шара өтті. Өскемен қаласы мен іргелес аудандардың балаларына арналған «Әнші бала» атты вокалдық конкурсты облыстық музей-қорығы ұйымдастырады.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 5 пен 10, сондай-ақ, 11 мен 18 жас аралығындағы вокалистер қатысатынын айту керек. Жоғарыда айтылғандай, қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан фестивальді қала тұрғындары жылы қабылдады.
Қатысушылардың өнеріне кәсіби қазылар алқасы баға береді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары «Казцинк» ЖШС сияқты фестиваль демеушілерінің жүлделеріне, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың дипломдарына ие болады.
Сондай-ақ фестиваль аясында көрермендер назарына Шоколад патшасының құттықтауы, Stage би студиясы әртістерінің қойылымы, түрлі байқаулар мен ұтыс ойындары сияқты іс-шаралар ұсынылды.