KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Абай облысына бізден 30 сарбаз аттанды

12.06.2024, 19:12 116 Ынтымақ Толқын

Шығыс Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметке маусымдық шақыру жалғасып жатыр.
Әскерге шақырту алған Өскемен жастары Отан алдындағы борыштарын Семей қаласындағы Ұлттық ұланның қатарында өтейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
 Әскер қатарына шақырту алған 30 сарбаз Семейдегі 5511 әскери бөліміне жол тартты.

 – Отанды қорғау – бұл  жоғары жауапкершілікті талап ететін міндет. Мен өз жерімді қорғауға және Отан алдындағы міндетімді орындау үшін өз еркіммен әскер қатарына қосылдым. Сапқа тұрып, сарбаз болған соң ел алдындағы борышымды абыроймен өтеуге міндеттімін, — дейді  әскерге шақырылған Мирас Марғұлан. 

Айта кетейік, жергілікті әскери басқару органдары іріктеу шараларын өткізуге жауапты. Сондықтан ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің аумағына сарбаздардың туған-туыстары, жора-жолдастары жиналып, шығарып салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив