Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Бүгін ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге күзгі шақырылымның соңғы сарбаздарын шығарып салды. Осылайша күзгі әскери шақырылым науқаны кезінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына Шығыс Қазақстан облысынан 700-ге жуық сарбаз өз Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды.
Биылғы күзгі шақырылым 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралғында жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осы аралықта Шығыс Қазақстан облысынан әскер қатарына аттанған сарбаздар өз борыштарын шекара қызметіне, Қорғаныс Министрлігіне, Ұлттық ұлан сапына, Төтенше жағдай министрлігі қатарына іріктелді.
Әскер қатарына шақыртылған сарбаздар бір жыл көлемінде әскери өмірдің қызығы мен шыжығының куәсі болып, түрлі әскери және спорттық оқу жаттығулардан өтіп, қару-жарақпен, әскери техникамен жұмыс істеп үйренеді. Осылайша Отанын жаудан қорғаудың барлық әдіс-тәсілдерін меңгеріп шығады.