ШҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Әскерге шақырту алған әр азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге немесе жергілікті әскери басқару органдарына барып тіркеліп, психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өтуі тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Барлық тексерістерден өтіп, оң нәтиже алған азамат әскер қатарына қабылданады.
Жуықта Шығыс Қазақстан облысынан Отан алдындағы әскери борышын өтеу үшін 700-ден аса жас сарбаздардарды салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті.
Өңірден әскер қатарына аттанған сарбаздар өз борыштарын шекара қызметінде, Қорғаныс Министрлігіне, Ұлттық ұлан сапында, Төтенше жағдай министрлігі қатарында өтейтін болады.
Бұл жолғы сарбаздар легі Ұлттық ұлан қатарына қабылданды.