Түркияда зілзала орнынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйел адамның денесі табылған.
Артынша ол Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екені анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді, - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Айта кету керек, тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды.
Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беретін болды.
Оқи отырыңыз