KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 4 м/с, В
479.83 528.82 5.39

Жол құрылысы саласындағы жемқорлық Антикор назарында

pixabay.com

14.07.2024, 18:00 101 Назерке Каримова

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өткен болатын. Осыған байланысты Агенттік пен Үкіметке осы саладағы жемқорлық көріністерін жою тапсырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады.

- Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. - Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар. Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді. Барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды.


Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда.

- Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді, - делінген хабарламада. - Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде.


Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатын болады. Тек 4 өңірде ғана орталық 526 бұзушылықты анықтады, олар кейіннен жойылмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив