Аягөздегі ақсақалдар алқасы Жолдауға қолдау білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы ел талқысынан өтіп, оң бағасын алып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысының бастамаларына алғашқылардың бірі болып қолдау білдірген – Аягөз ауданының ақсақалдар алқасы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Жолдаудан көңіліме ерекше қонғаны мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі енгізіліп, ал оның мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылады», - дейді аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы А.Жұмағазин.
Ақсақалдар алқасының төрағасы Президенттің «Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруді жөн көрдім. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді» деген сөзін ерекше құптайтынын жеткізді.
«Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілді.
Осыған орай, табыс пен тұрмыс сапасы жоғары мемлекет құру үшін бәрімізге жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіп қажет.
Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауда аталған мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары еліміздің дағдарыс жағдайында одан әрі дамуына зор үлесін тигізеді деген сенімдемін» - деп сөзін түйіндеді аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы А.Жұмағазин.