KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Семейде бесінші қабаттан құлаған бала көз жұмды

pexels.com

4.08.2024, 10:00 108 Назерке Каримова

Кеше Астана мен Семей қалаларында оқыс оқиғалар орын алып, екі бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті.

Бесінші қабаттың терезесінен құлаған семейлік төрт жасар бала көз жұмды, Астанадағы бір жастағы бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ ақпаратына сүйенсек, кеше Семей қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған қыз бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Астана қаласында да бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады. Оқиға Сарыарка ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің аумағында орын алған. Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив