ӘЧ: Қазақстандық ескекші қанжығасын майлады
ҚР ТСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінен
Қазақстандық ескекші Мария Бровкова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР ТСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті ақпаратына сүйенсек, Самарқанд қаласында (Өзбекстан) каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Каноэде 500 метрге ескек есуден сынға түскен отандасымыз Мария мәреге үшінші болып келіп, қола медаль иеленді. Оның уақыт көрсеткіші- 2:09.731 секунд. Украина өкілі Людмила Лузан (2:06.881) жеңімпаз атанса, күміс Чили елінің спортшысы Мария Миллиардқа (2:08.912) бұйырды.
Оқи отырыңыз