KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: үшінші жарыс күнінің нәтижесі

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

1.09.2024, 19:00 158 Назерке Каримова

Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі 31 тамыз күнгі жарыс күнін қорытындылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Паралимпиаданың үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.

Пара нысана көздеу: R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. Бұл - Париж Паралимпиадасында ел қоржынына түскен алғашқы медаль.

Әйелдер арасында өнер көрсеткен Севда Әлиева SH1 санатында 10 метрге пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде  13-орынға ие болды.

Пара жеңіл атлетика: Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда (F13 санаты) 34.23 метр нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын Паралимпиаданың үш дүркін жеңімпазы, Токиода қола алған Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Пара таэквондо: 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 классында күрескен Нұрлан Домбаев қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 7:1 есебімен жеңіліп қаоды.

Нышан Өмірәлі К44 +80 кг салмақтағы қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу