KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге арнайы көмек жиналып жатыр

5.09.2022, 11:56 190

Аманат партиясының ШҚО филиалының гуманитариялық пунктінде шығысқазақстандықтардан Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға арнайы көмек жиналып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Кешеден бері облыстық Аманат партиясында және аудандар мен қалалардағы барлық филиалдарда Қостанай облысындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша жедел орталықтар ашылған болатын. Қазір аудандар мен қалалардағы жиналған заттар осында әкелінуде. Біраз уақыттан кейін арнайы көмек Қостанай облысына жіберілетін болады, - деді «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Есімбекова Арайлым.

2b10452b-d4a7-40a4-8a32-7a8a469b3889.jpg

Сондай-ақ Арайлым Керімбекқызының кеше партияның әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы штабтың мекенжайылары мен нөмірлері көрсетілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде, бір тәулікте жерлікті кәсіпкерлер, демеушілер мен тұрғындардан су, бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, сұйық май, тұрмысқа қажетті және гигиеналық заттар мен жаңа киімдер жиналған көрінеді.

f24d02d9-54bf-4c9d-b069-fe6699bbf970.jpg

Атап айтқанда, сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша 2 тонна ұн, 30 кг қарақұмық, 500 кг макарон өнімдері, 50 кг күріш,  2 тонна сұйық май, 1 тонна су, 95 қорап шай, 25 шт электр шәйнегі  және гигиеналық заттар жиналған. Айта кету керек, көмек әлі де Аманат партиясының ШҚО филиалының гуманитариялық пунктінде қабылданады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу